Әлем

Ресей Жеңіс күніне орай Украинамен уақытша бітім жариялады

Ресей Қорғаныс министрлігі Жеңіс күнін мерекелеу құрметіне орай 8-9 мамыр аралығында Украинамен уақытша бітім жарияланатынын мәлімдеді. Ведомство бұл шешімді Президент Владимир Путиннің тапсырмасына сүйене отырып қабылдаған және украиналық тарапты осы бастамаға қосылуға шақырды.

онымен қатар Ресей тарабы Жеңіс күнінің 81 жылдығын мерекелеуге кедергі келтіретін әрекеттер болса, «Киевтің орталығына жаппай зымыран соққысы жасалатынын» ескертті.

Президент Владимир Зеленский ресми Киевке соғыс қимылдарын тоқтату туралы ешқандай тікелей үндеу түспегенін айтты. Соған қарамастан, ол Украина тарапының 5 мамырдан 6 мамырға қараған түні сағат 00:00-ден бастап «тыныштық режимін» енгізетінін хабарлады.

«Біз аталған уақыттан бастап айна-қатесіз әрекет етеміз», — деді Зеленский.

Мәскеудегі Қызыл алаңда өтетін шеруде биыл айтарлықтай өзгерістер бар. 2022 жылы соғыс басталғалы бері алғаш рет парадта әскери техника қолданылмайды. Кремль бұл шешімді «террористік қауіппен» және мерейтойлық дата еместігімен түсіндірді. Рәсімде тек жаяу әскер мен авиациялық пилотаждық топтар өнер көрсетеді деп жоспарланған.