Әуежайды су басқан: әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Азаматтық авиация комитетінің (ААК) баспасөз қызметі мәлім етті.
Көлік министрлігі терминал шатырынан су өткен соң Алматы халықаралық әуежайының басшылығымен шұғыл кеңес өткізді. Оның қорытындысы бойынша әуежай әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Азаматтық авиация комитетінің (ААК) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әуежай жолаушылардан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.
ААК мәліметінше, қазіргі уақытта анықталған кемшіліктерді жою шаралары күшейтілді, барлық жұмыстар жедел режимде жүргізілуде. Су басу себептерін толық жою және жұмыстарды аяқтау алты ай ішінде жоспарланған.