Өтекешова қамзолды өзі сыйлады ма: бұл туралы актриса не дейді
Сұхбат тележүргізушінің YouTube арнасында жарияланды.
Белгілі актриса Меруерт Өтекешова журналист Майя Бекбаеваға эксклюзив сұхбат беріп, "Қыз Жібек" фильміндегі қамзолға қатысты жағдай жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz. сайтына сілтеме жасап.
Сұхбат тележүргізушінің YouTube арнасында жарияланды. Актрисаның айтуынша, қайта құру кезеңінде кино түсірілімдеріне қатысты көптеген костюмдер жоғалып кеткен.
"Қыз Жібек" фильміндегі қамзолды актриса картина экранға шыққаннан кейін араға ұзақ уақыт салып алғаш рет Баян Алагөзованың үстінен көргенін айтады. Оның пікірінше, бұл бұйым – нағыз халықтық мұра. Актриса продюсер оны міндетті түрде музейге тапсырып, келешек ұрпақ үшін сақтап қалатынына сенім білдірген.