Руханият

"50 қызметкер баспаналы болды": Тұрсын Алагөзов жұмысшыларына ерекше сый жасады (видео)

Кәсіпорынның 50 жылдығына орай зауыт ұжымына 50 пәтер табысталған.

Тұрсын Алагөзов Шымкенттегі сыра зауытында ұзақ жыл еңбек еткен қызметкерлерге пәтер сыйлағаны белгілі болды. Бұл туралы оның жары Баян Алагөзова әлеуметтік желіде хабарлады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Продюсердің айтуынша, кәсіпорынның 50 жылдығына орай зауыт ұжымына 50 пәтер табысталған.

Сонымен қатар Баян Алагөзова жұбайының қызметкерлер алдында сөйлеген сөзінен үзінді де бөлісті. Онда кәсіпкер өз өміріндегі қиын кезеңдерді еске алып, жетістікке оңай жетпегенін атап өткен.