Армения Әзербайжанның бірнеше ауылын қайтаратын болды
Армения өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары басып алған 4 ауылды Әзербайжанға қайтарып беретін болды.
Шекараны демаркациялау бойынша Әзербайжан мен Армения арасында өткен келіссөздер барысында Ереван бұрыг басып алған 4 ауылды қайтарып беретін болды. Бұл елдімекендер Әзербайжанның Қазақлы ауданының құрамына кіретін.
Әзербайжан сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айхан Хажизада келісімге екі ел арасындағы шекараны демаркациялау бойынша мемлекеттік комиссияның 8 келіссөзінде қол жеткізілген.