жексенбі, 3 мамыр, 2026 21:38

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Президент сыйға тартылған тұлпарларды көріп қайтты

Президент сыйға тартылған тұлпарларды көріп қайтты
Шоқтығы биік, қаз мойын, қамыс құлақ, денесі сылыңғыр, көзі тау суындай тұп-тұнық, жүрісі паң, өте есті жануар екені бүкіл болмыс-бітімінен байқалып тұрады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мамыр мерекесінде әр жылдары сыйға тартылған тұлпарлардың күтімін көріп қайту үшін Президент Іс басқармасының атқорасына арнайы барды, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Президент бір жыл бұрын Ақалтеке тұқымынан туған қылаң боз тайды Ақжан деп атаған еді. Шоқтығы биік, қаз мойын, қамыс құлақ, денесі сылыңғыр, көзі тау суындай тұп-тұнық, жүрісі паң, өте есті жануар екені бүкіл болмыс-бітімінен байқалып тұрады.

Ақалтеке тұқымына жататын арғымақтардың қатарына бірнеше ай бұрын құла түстес құлын да қосылды. Мемлекет басшысы оған Ақниет деп ат қойды. Аттың сынын жақсы білетін мамандар келешекте халықаралық жарыстарда топ жаратын тұлпар болады деп бағалап отыр.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар