Әзербайжанда кезектен тыс президент сайлауы аяқталды
7 ақпанда Әзербайжанда кезектен тыс президент сайлауы өтті. Ел президенттігіне үміткер ретінде 7 кандидат тіркелді.
Әзербайжан орталық сайлау комиссиясының мәліметтеріне қарағанда дауыс берушілердің белсенділігі өте жоғары болған. Дәлірек айтқанда дауыс беруге құқы бар әзербайжандықтардың 76,73%-і сайлауға қатысқан. Бұл 4 млн 871 мың 32 адам деген сөз.
7 үміткердің ішінде қазіргі президент Илхам Әлиев 93,35% дауыс жинап, жеңіске жетті.
Ал Захид Орудж - 2,19%, Фазиль Мустафа -2%, Гудрат Гасангулиев-1,76%, Рази Нуруллаев-0,8%, Эльшад Мусаев -0,67, Фуад Алиев -0,53% дауыс жинаған.
Бақылаушылардың басым көпшілігі сайлауда өрескел заң бұзушылықтар болмағанын алға тартуда. Ал бірқатар мемлекет басшылары Илхам Әлиевті кезектен тыс сайлауда жеңіске жеткенімен құттықтады. Олардың арасында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та бар. Ақорданың мәлімдеуіне қарағанда Қ.Тоқаев И.Әлиевпен телефон арқылы сөйлескен.
Oimaqnews