Алматыда шетелдік азамат жалаңаш пышақ ұстап, көшеде жүрген
Бұл жағдайға полиция түсініктеме берді.
Алматы тұрғыны әлеуметтік желіде бір ер адамның тек іш киіммен, қолында пышаққа ұқсас затпен көшеде жүрген видеосын жариялады. Бұл жағдайға полиция түсініктеме берді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz. сайтына сілтеме жасап.
Алматы қалалық Полиция департаменті әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында Бухар Жырау көшесінде іш киіммен, пышаққа ұқсас зат ұстап жүрген ер адамның видеосы анықталғанын хабарлады.
Полиция қызметкерлері видеодағы адамның жеке басын анықтап, оны ұстады.
Аталған азамат осы аумақта орналасқан ұйымдарға қатысы жоқ», – деп мәлімдеді полицияда.
Қазіргі уақытта ер адам қабылдау-тарату орнына орналастырылды.