жұма, 22 қараша, 2024 5:29

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Адам болып өмірге келген соң, адам болу – міндет" – Аймағанова

"Адам болып өмірге келген соң, адам болу – міндет" – Аймағанова
фото: ашық дереккөз
Мемлекеттік айыптаушы қазіргі уақытта желіде аса белсенді емес.

Қазіргі уақытта ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша мемлекеттік айыптаушы, Астана прокурорының аға көмекшісі Айжан Аймағанова Instagram парақшасында жазба жариялады.

Прокурордың айтуынша, ол аз уақыт ішінде танымалдылыққа ие боламын деп ойламаған. Тек жалған парақшалардан жұрттың аулақ болғанын қалаған. 

"Бұл менің әлеуметтік желілердегі жалғыз парақшам, менде TikTok жоқ. Студенттік кезімнен @zhakiti парақшам бар, осыған орай осындай атау алды. Қазір прокуратура қызметкері ретінде маған жүктелген барлық жауапкершілікті түсініп, бар парақшамды @aimaganova_a деп өзгертуге және қоғамға ашық әрі пайдалы болуға шешім қабылдадым", - деп жазды ол.

Мемлекеттік айыптаушы қазіргі уақытта желіде белсенді емес. Сол үшін де көпшіліктен кешірім сұрайтынын жазады. 

"Өмірде қолданатын көп нәрсе ұқтым. Бір айтып кететін жағдай: адам болып өмірге келген соң, адам болу - міндет. Сондықтан болып жатқан істерге бей-жәй қарау – бір сүйкімсіз адами қасиет. Ең бастысы, жүрекпен сезініп, жақсы ниетіңді аямау. Жан-жақтағы болып жатқан оқиғаларға немқұрайлы қарамайық, қол үшін беріп көмектесейік", - деп  жазады прокурор.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар