Ұлытаулық ақсақал Парижге жетті
Дипломаттар мен отандастарымыз ақсақалды Париждегі Триумф аркасының жанында күтіп алды.
Ұлытаулық ақсақал Сәрсенбай Қотырашов әлем елдері бойынша жаяу саяхатын жалғастыруда. Бұл жолы оның межелі нүктесі Париж болды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
«24KZ» телеарнасының мәліметінше, 76 жастағы саяхатшы өзінің үлкен жаяу жолының кезекті кезеңін аяқтады. Сәрсенбай Қотырашов Парижге дейін жаяу жетті — ол 53 күн ішінде 3 мың шақырымды еңсеріп, жол-жөнекей Сербия, Венгрия, Австрия және Германия елдерін аралады.
Дипломаттар мен отандастарымыз ақсақалды Париждегі Триумф аркасының жанында күтіп алды.