жұма, 20 қыркүйек, 2024 16:01

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

«Бәрімізге қатысты»: «Жаңа адамдар» су тасқынынан зардап шеккендерге көмек беру орталықтарын ашты

«Бәрімізге қатысты»: «Жаңа адамдар» су тасқынынан зардап шеккендерге көмек беру орталықтарын ашты
фото: Жаңа адамдар
Қиын-қыстау кезеңде зардап шеккендерге көмек қолын созу үшін еліміздің әртүрлі өңірлерінен  адамдар бірігіп, әрекет етіп жатыр.

 

Қазақстан су тасқынының жойқын зардаптарымен бетпе-бет келіп отыр. Қиын-қыстау кезеңде зардап шеккендерге көмек қолын созу үшін еліміздің әртүрлі өңірлерінен  адамдар бірігіп, әрекет етіп жатыр.

Зардап шеккен жандарға көмектесу үшін “Бәрімізге қатысты” ұжымдастыру орталықтары Астана және Алматы қалаларындағы 10 ЖОО-да ашылды. Орталықтарда білім алушылар мен оқытушылар, “жағдайға немқұрайлы қарамайтын”  жандар топ құрамына жазыла алады және «Жаңа адамдармен» бірге су тасқыны салдарын ликвидациялауға бара алады. Орталықтарға зардап шеккендерге жіберілетін өзге де гуманитарлық көмекпен бірге жеткізуге, бірінші қажеттілік заттарын, азық-түліктерді әкеле алады.

"Жаңа адамдар" университет ректорларына  ұсыныстарын қолдап,  орталықтар жұмысы үшін уақытша кеңсемен қамтамасыз еткендері үшін шын жүректен алғыс білдіреді.

«Біз Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті,  Астана Медицина университеті, Қазақ Технология және Бизнес Университеті, Esil Университеті, Turan-Astana University және Алматы қаласындағы Еуразиялық Технологиялық Университеті, Каспий Университеті, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті, Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті ректорлары мен басшылықтарына алғыс білдіреміз» дейді «Жаңа адамдар».

 

Еріктілер топтарын ұжымдастырушы орталықтары мен “Бәрімізге қатысты” гуманитарлық көмек қабылдау пункттері мына мекен-жайлардағы кампустарда ашық:

Алматы: Байтұрсынов 67

Астана: Мәңгілік ел B2.2

 

Байланыс нөмірі - 8 707 070 40 50

 

Толығырақ ақпарат алу мына сілтеме бойынша: https://barimizgeqatysty.kz/kz

 

 

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар