Әлеумет

Атбасар колониясындағы азаптау ісі бойынша күдікті өзіне қол жұмсамақ болған

"Жеңіл затпен білек тұсына жеңіл жарақат салған".

Атбасар колониясындағы азаптау ісі бойынша күдікті жаңа айыптау актісі жарияланғаннан кейін өзіне қол жұмсамақ болды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Arasha.kz.сайтына сілтеме жасап.

Сот шақыртқан жедел жәрдем оған алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Еске сала кетейік, 2023 жылдың күзінде интернетте қазақстандық колонияда сотталушы Тимур Дәнебаевты аяусыз азаптау сәттері түсірілген кадрлар тараған болатын. Бұл жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырды. Қызметтік тергеу басталып, 6 қыркүйекте құқық қорғаушы Елена Семенова азаптау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Кейінірек ҚАЖК 11 құқық қорғау қызметкері жұмыстан босатылатынын, ал ҚАЖД бастығы, оның орынбасары және колония басшысы қызметінен шеттетілетінін мәлімдеді. Сондай-ақ ҚАЖК қылмыстық істің қозғалғанын растады.