сенбі, 25 сәуір, 2026 23:55

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Мұндай тұлғаға жар болу оңай емес": Ханшайым Шаханова ақынмен алғаш танысқан кезін еске алды

"Мұндай тұлғаға жар болу оңай емес": Ханшайым Шаханова ақынмен алғаш танысқан кезін еске алды
видео скрин
Анасы кезінде оған үлкен тұлғаның жары болу оңай еместігін алдын ала ескерткен.

Әйгілі ақын Мұхтар Шахановтың жары Ханшайым Шаханова олардың алғаш танысқан сәті туралы әсерлі естелігін бөлісті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz. сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, анасы кезінде оған үлкен тұлғаның жары болу оңай еместігін алдын ала ескерткен.

"Анам айтып отырушы еді, "Сен үлкен тұлғаның жары болдың. Енді көргенді көрме, естігенді естіме. Мұндай тұлғаға жар болу оңай емес" деп. Мұхаңмен танысқаным әлі есімде. Есіктен кірсем, өлең жазып отыр екен. Табалдырықта аяғым шалынып кетіп, құлап, осы кісіні құшақтап алыппын ғой. Ол кісі маған едірейіп қараған болатын. Содан дастарқанда қасында отырғанымда, табағыма жемістер аршып салып, үйіп тамақ салып берді. Өзімнің қарным ашып келген болатын. Бірақ қолым дірілдеп сол тамақтың ешбірін жей алмадым", – дейді Ханшайым Шаханова.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар