Қоғам

Бишімбаев соты: Судьяны қорқыту деректері тіркелді

Бишімбаев соты қарап жатқан судьяны қорқыту деректері тіркелді.

Бишімбаев пен Байжановтың ісін қарап жатқан судьяны қорқыту деректері тіркелді

Астана полициясы судья Құлбаеваға қатысты қорқыту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Судьяның ұялы телефонына белгісіз нөмірден қоңыраулар мен қорқыту хабарламалары түскен.

Қылмыстық кодекстің 407-бабының 1-бөлігі (Сот төрелiгiн жүзеге асыруға кедергi жасау мақсатында соттың қызметiне араласу) бойынша сотқа дейінгі Іс жүргізу басталды.

Судья, жеке қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етілді.