жұма, 24 сәуір, 2026 18:02

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Ол диплломы бар психолог": Журналист Төреғадидің әйелі туралы айтты

"Ол диплломы бар психолог": Журналист Төреғадидің әйелі туралы айтты
Фото: qazaqtoday.info
Журналист Айым Жекенова Төреғали Төреәлінің әйелі Толқын Тұрарбекқызы туралы айтты. Бұл туралы ол журналист Асмира Ермекқызына берген сұхбатында айтты.

”Ол кісі психологияны оқыған дипломы бар психолог. Ол жалпы өте дамыған адам. Көбісі біле бермейтін шығар, Қазақ Ұлттық Университетінде “шет тілдер” мамандығында оқыды, қытай тілін жақсы біледі. Сол жылдары қазақ қыздарының ішінде Юнескоға жұмысқа шақырған екі адам болды, соның бірі Толқын ханым болды. Бірақ Толқын ханым тұрмысқа шығып, ол нәрседен бас тартты. Сондықтан ол өте білімді қыз”, — деді журналист.

Сондай-ақ, журналист Толқын Тұрарбекқызымен қалай танысқанын да айтып берді.

”Менен кеңес алу бойынша сөйлесіп, үйіне қонаққа шақырды. Бірден топ етіп үйлеріне барамын. Домбырамен Төреғали кіріп келді, ол кісінің мысы бар, мысы басып тұрады. Бір жоба барысында жұмыс жасадық, екі жылдай етене араласып кеттік”, — деді журналист Айым Жекенова.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар