Үндістанда 16 жастағы қазақ жігіті қайтыс болды
Бұл туралы оның әпкесі Перизат Болатқызы Threads желісінде жазған.
Үндістанда Қазақстандық жасөспірім көз жұмды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде 16 жастағы жасөспірімде онкологиялық ауру анықталғаны туралы видео тараған болатын. Туыстарының айтуынша, ол үнемі энергетикалық сусындар ішіп, вейп қолданған
Уақыт жоғалтпай, жақындары оны жедел ем алу үшін Үндістанға алып кеткен, алайда өкінішке қарай, жасөспірім қайтыс болды. Бұл туралы оның әпкесі Перизат Болатқызы Threads желісінде жазған.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Үндістанда қайтыс болған Қазақстан азаматы С.Сәбиттің денесі кеше таңертең елге жеткізілген.