Қостанай облысында бір топ полицей ұсталды
Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
ҰҚК Қостанай облысында криминалдық полиция қызметкерлерін ұстады, деп хабарлайды Arasha.kz сайты Tobol Info басылымына сілтеме жасап.
Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 366-бабының 3-бөлігі адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен ірі мөлшерде немесе бірнеше рет бопсалау арқылы пара алу бабы бойынша қозғалғаны атап өтілді.
Аталған баптың санкциясы мүлкін тәркілей отырып және белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, айыппұл салуды не жеті жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.