Қоғам

Мемлекеттік айыптаушы блогер Жанабыловтерге төрт жыл жаза тағайындауды сұрады

Сондай-ақ олардың мүлкін тәркілеуді де ұсынды.

Мемлекеттік айыптаушы Олжас Хайруллаев блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенованың ісін қауіпті үрдіс деп санайды. Астанада өткен соттағы жарыссөз барысында ол ерлі-зайыптыларға жаза тағайындау туралы ұсынысын жария етті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Прокурор Ерболат Жанабыловқа төрт жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Ал Эльмира Төлегеноваға да төрт жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды, бірақ оны бір жылға кейінге шегеруді ұсынды.

Сондай-ақ мемлекеттік айыптаушы олардың мүлкін тәркілеуді ұсынды.

Жанабыловтар отбасы Қылмыстық кодекстің 214-бабы 2-бөлігі 2-тармағы және 218-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша — тиісінше заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу және қылмыстық жолмен алынған табысты заңдастыру айыптары бойынша күдікке ілінген.