сәрсенбі, 22 сәуір, 2026 13:44

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Астанада фельдшерді ұрып-соққан адамға сот үкімі шықты

Астанада фельдшерді ұрып-соққан адамға сот үкімі шықты
istockphoto.com
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты медицина қызметкеріне қатысты зорлық қолданғаны үшін И.-ға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

Сотта анықталғандай, И. алкогольдік масаң күйде сауда үйінің автотұрақ аумағында, келген жедел медициналық жәрдем бригадасының тиісінше медициналық көмек көрсетпегеніне қатысты наразылық білдіре отырып, медицина қызметкеріне қатысты зорлық қолданған.

Нәтижесінде И. өз әрекеттерімен фельдшерге денсаулыққа зиян келтіруге әкеп соқпаған, бірақ физикалық ауырсыну келтірген, сондай-ақ медицина қызметкерінің медициналық қызметті қауіпсіз жүзеге асыруға заңмен кепілдік берілген жағдайларын және оның жеке басына қол сұғылмаушылығын бұзған.

Сотталушының кінәсі іс материалдарымен дәлелденді.

Сотталушы И. кінәсін мойындап, бас бостандығынан айырмауды сұрады.

Жәбірленуші қатаң жаза тағайындауды сұрады.

Сот сотталушының бұрын сотталмағанын және жасаған ісіне шын жүректен өкінуін жеңілдететін мән-жайлар деп таныды.

Қылмыстың алкогольдік масаң күйде жасалуы ауырлататын мән-жай деп танылды.

Жасалған қылмыстың қоғамдық қауіптілік сипаты мен дәрежесін, сотталушының жеке басын, жәбірленушінің пікірін және істің мән-жайларын ескере отырып, сот И.-ға қылмыстық-атқару жүйесінің ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеумен 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар