Қостанайда АЭС салынуы мүмкін: Сәтқалиев болжамды мерзімді атады
- авторОймақ
- Бүгін, 12:35
- 24
Бұл туралы Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді.
Оның айтуынша, негізгі басымдықтардың бірі – Балқаш маңы. Аталған аумақта ірі қуатты алты энергетикалық блокқа дейін салуға мүмкіндік бар. Сондай-ақ Курчатов қаласының да әлеуеті жоғары. Бұл жерде шағын және орта реакторларды дамытуға қолайлы инфрақұрылым бар екені айтылды.
Бұдан бөлек, Батыс Қазақстан өңірі де назардан тыс қалмаған. Мұнда бұған дейін энергетикалық қондырғыларды пайдалану тәжірибесі бар.
Атом энергиясы агенттігі басшысының сөзінше, ел аумағында өзге де перспективалы алаңдар зерттеліп жатыр. Соның ішінде Қостанай қаласы да ұзақ мерзімді болашақта АЭС салуға лайықты орындардың біріне айналуы мүмкін.
«Қостанай алыс перспективада, бәлкім 20-30 жылдан кейін Қазақстанда атом станцияларын салуға қолайлы өңір ретінде қарастырылуы ықтимал», – деді Сәтқалиев.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






