Ұлттық құрама формасын испаниялықтар тігетін болды
Нақты қанша сома кететінін де айта алмайды
Париж Олимпиадасына көп уақыт қалған жоқ. Ұлттық құрама формасын Қазақстан демеушілері қаржыландырып, Испания компаниясы тігетін болды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Ulysmedia.kz сілтеме жасап.
Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев айтты.
– Форманың сапасы өте жоғары болады деп сенеміз. Неге десеңіздер, қаңтар айында үлкен комиссия құрылған. Ол комиссияның құрамында әлем чемпиондары, қоғам белсенділері жиналып, 25 адамнан құралды. Бірінші кезеңде 8 дизайнер қатысып, 6 форманы алып, бірақ дұрыс форма арасында болған жоқ. Сондықтан, екінші кезең болып, онда көрсеткен форма шықты, – дейді ол.
Маржықпаев киімді тігуге бюджет қаражаты жұмсалмайтынын айтады. Шетелден (Испания – кейін нақтылады) Joma деген компания тігетінін жеткізді. Нақты қанша сома кететінін де айта алмайды.