жұма, 17 сәуір, 2026 11:18

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қарағанды облысында 12 лауазымды тұлғаға айыппұл салынды

Қарағанды облысында 12 лауазымды тұлғаға айыппұл салынды
istockphoto.com
Бұл жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі.

Қарағанды облысында мемлекеттік сатып алуға қатысушыларды жосықсыз деп тану туралы сотқа талап-арыз беру кезінде орын алған заң бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

Қарағанды облысының прокуратурасы жеткізушілерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап-арыздарды беру кезінде мемлекеттік органдар тарапынан жүйелі бұзушылықтарды анықтады.

Азаматтық істерді қадағалау барысында сотқа тиісті талап-арыз бермеген немесе заңмен белгіленген бір айлық мерзімді бұзған бірнеше мемлекеттік органдар анықталды.

Прокурорлық ден қою шараларының нәтижесінде 12 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды; барлығы Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 207-бабы 10-2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оларға 843 375 теңге айыппұл салынды.

Бұл жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар