Саясат

Президент Халық әртісі Есмұхан Обаевтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халық әртісі Есмұхан Обаевтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Президент көрнекті өнер қайраткері, режиссер-сценарист, І дәрежелі «Барыс» және «Парасат» ордендерінің иегері Есмұхан Обаевтың дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.