Қоғам

Қазақстанға келетін турист саны 20 есе көбейген

Республиканың 12 халықаралық әуежайында «ашық аспан» режимі жұмыс істейді.

Қытаймен визасыз режим енгізілгелі ол жақтан Қазақстанға келетін турист саны 20 есе көбейген, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Ulysmedia.kz сілтеме жасап.

Бұл жайлы мәжілісте туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев айтады.

Оның сөзінше, 82 елдің азаматтары үшін визасыз режим қолданылады. Әлемнің 117 елі үшін электронды визаны енгізілген.

Республиканың 12 халықаралық әуежайында «ашық аспан» режимі жұмыс істейді.

14 күндік визасыз режимді енгізудің нәтижесінде Қытайдан келушілер саны 20 есе ұлғайды (18 мыңнан 360 мыңға дейін), ал Үндістаннан келушілер үш есе артты (28 мыңнан 78 мыңға дейін).