Әлеумет

"Жүз жұп аяқ киім ұтысқа қойылған": жиылған жұрт бірін-бірі таптап кете жаздады

Өскеменде жаңа сауда нүктесі ашылды.

Өскеменде жаңа сауда нүктесінің ашылуына орай «жарнамалық акция» ұйымдастырылып, тегін тамақ таратылып, жүз жұп аяқ киім ұтысқа қойылған. Жиналған халық дүкенге кіреберісте бірін-бірі таптап кете жаздады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Әлеуметтік желілерде үлкен топтың дүкенді басып кіруге тырысқан видеосы кең тарады. Өскемен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі бұл жағдайға қатысты пікір білдірді.

Хабарламаға сәйкес, 11 сәуір күні Өскеменде «жергілікті атқарушы органдармен келісілмей, заң талаптарын өрескел бұза отырып6 аяқ киім дүкенінің ашылуы ұйымдастырылған».

Әкімдік мәліметінше, шара барысында тегін палау таратылып, аяқ киімдер төмендетілген бағамен сатылған.

Ұйымдастырушыға 20 АЕК (шамамен 86 мың теңге) көлемінде айыппұл салынғаны нақтыланды. Дүкен иесі камера алдында кешірім сұрады.