Абай және Атырау облысында су тасқыны кезінде адамдардың жоғалып, суға кеткені жайттары бойынша қылмыстық іс қозғалды
Қазір тергеу органдары тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр
Абай және Атырау облысында су тасқыны кезінде адамдардың жоғалып, суға кеткені жайттары бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бұл туралы Сенат кулуарында ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев айтты.
– Су тасқыны кезінде көз жұмған немесе із-түссіз жоғалған адамдардың жайттары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өкінішке қарай мұндай оқиғалар болды. Абай облысында екі адам жоғалды. Атырау облысында да болды. Кейбір адамдардың денесі табылды. Қазір тергеу органдары тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, – деді Қожаев.