Қазақстандық блогер Вьетнамда ұсталды
Қазіргі таңда оны Қазақстанға қайтару (экстрадициялау) мәселесі қаралуда.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Қайсар Қамза Вьетнамның Камрань қаласында Интерпол мен жергілікті полицияның бірлескен операциясы барысында қолға түскен.
Оған әлеуметтік желілер арқылы онлайн-казиноларды жарнамалап, адамдарды құмар ойындарға тартты деген күдік тағылып отыр. Осы әрекеттері арқылы ол 100 миллион теңгеден астам заңсыз табыс тапқан. Ақша криптовалюта әмияны арқылы аударылып отырған.
Қазіргі таңда оны Қазақстанға қайтару (экстрадициялау) мәселесі қаралуда.