Руханият

"Ең үлкен бақыт": Алтынай Жорабаева қуанышты жаңалығын бөлісті

Әнші оқырмандарын ақ тілектерін арнап, жастарға бақыт тілеуге шақырды.

Әнші Алтынай Жорабаева әлеуметтік желідегі парақшасында болашақ құда-құдағимен алғашқы кездесуі туралы әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап,

Өнер иесі бұл күннің өзі үшін ерекше мәнге ие болғанын айтып, ата-ана үшін баласының қуанышы ең үлкен бақыт екенін жеткізді.

Оның сөзінше, кездесу ақ дастархан басында өтіп, екі жақ жылы жүзбен танысқан.

Сондай-ақ ол өмірінде жаңа кезең – құда-құдағи болу жолы басталғалы тұрғанын айтып, Жаратқаннан балаларының бақытын тіледі.

Жазба соңында әнші оқырмандарын ақ тілектерін арнап, жастарға бақыт тілеуге шақырды.