Қоғам

Ақмола облысында жасөспірім пойыз үстінен құлап кеткен

Облыстық полиция олардың кім екенін анықтады.

Ақмола облысында жасөспірім пойыз үстінен құлап, жарақат алып қалды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 10 сәуір күні Жайнақ станциясында болған.

Желідегі ақпарат бойынша, 14 жастағы жасөспірім жүк пойызының үстінен құлап түскен. Жасөспірімдер бір вагоннан екіншісіне секіріп жүрген.

Облыстық полиция олардың кім екенін анықтады.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Кейіннен іс Астана қаласына жолданады, дейді полицияда.