Қоғам

Абзал Құспан қай партияға баратынын ашып айтпады

Депутат журналистердің қай партияға қосылуыңыз мүмкін деген сауалына жауап берді.

Белгілі заңгер, мәжіліс депутаты Абзал Құспан журналистердің қай партияға қосылуыңыз мүмкін деген сауалына жауап бергенде басымдық «AMANAT» партиясында екенін атап өтті. Дегенмен ол нақты қай партияға баратынын ашып айтпай, екіұшты жауап берді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

Ол саны жағынан көп болған соң «AMANAT» партиясында басымдық бар екенін тілге тиек етті. 

Айта кетейік, Абзал Құспан Батыс Қазақстан облысынан бір мандатты депутат болып сайланған. Журналистер бір мандатты депутат болудың қиындығы туралы Ермұрат Бәпи бірнеше рет көтергенін еске салып, бұл мәселе жөнінде де пікірін сұрады. Құспан бұл проблеманы бұған дейін өзі де айтқанын жеткізді. 

Оның айтуынша, біздің қоғам да, үкімет те бір мандатты депутатқа арнайы аппарат беруге дайын емес. Себебі бұл бюджетке салмақ түсіреді. 

Ол Ресейдің өзінде бір депутаттың 10 көмекшісіне дейін болатынын айта кетті. Депутат қызметке келгенде ғана көмекшінің көп болғаны қаншалықты маңызды екенін ұққанын айтты.