Болат Өтемұратов су тасқынынан зардап шеккендерге 10 млрд береді
Қаражат өмірлік маңызды инфрақұрылымды қалпына келтіруге, баспанасыз қалған адамдарға үй сатып алуға және үй салуға жұмсалады.
Болат Өтемұратов атындағы қор көктемгі су тасқынынан зардап шеккен Ақтөбе облысының тұрғындарына кезекті 10 млрд теңге көлемінде қаражат бөлетінін хабарлады. Қаражат өмірлік маңызды инфрақұрылымды қалпына келтіруге, баспанасыз қалған адамдарға үй сатып алуға және үй салуға жұмсалады.
Бұған дейін де қор 1 сәуірде су тасқынының салдарымен күресу және табиғи апаттан зардап шеккендердің қажеттіліктері үшін 680 млн теңге бөлген болатын.