Болат Өтемұратов су тасқынынан зардап шеккендерге 10 млрд береді
- авторОймақ
- 18 сәуір, 2024
- 425
Болат Өтемұратов атындағы қор көктемгі су тасқынынан зардап шеккен Ақтөбе облысының тұрғындарына кезекті 10 млрд теңге көлемінде қаражат бөлетінін хабарлады. Қаражат өмірлік маңызды инфрақұрылымды қалпына келтіруге, баспанасыз қалған адамдарға үй сатып алуға және үй салуға жұмсалады.
«Мен су тасқыны аймағында орналасқан өңірлердегі төтенше жағдайды жиі бақылап отырмын. Апаттың ауқымы артып келеді, адамдар шұғыл көмекке мұқтаж екенін білеміз. Біз оны бар күшімізбен және қолда бар ресурстармен қамтамасыз етуді жалғастырамыз. Қиындыққа тап болған мыңдаған азаматтардың үміті мен сенімі өлмеуі керек. Президентіміз де елмен бірге! Біз Мемлекет басшысының бастамасын әрдайым қолдауға әзірміз" деді Болат Өтемұратов.
Бұған дейін де қор 1 сәуірде су тасқынының салдарымен күресу және табиғи апаттан зардап шеккендердің қажеттіліктері үшін 680 млн теңге бөлген болатын.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.