"Бұл айырылысу маған ауыр тиді": "Дикий Арманның" әйелі ажырасып кеткендерін айтты
Айкөл Аликжанова – «Қырғызстан аруы – 2014» байқауының жеңімпазы.
Қырғызстандық модель Айкөл Аликжанова қазақстандық қылмыс әлемінде «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевпен ажырасқаны туралы жазба жариялады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz .
Айкөл Аликжанованың айтуынша, ажырасу туралы шешімді Арман Жұмагелдиевтің өзі қабылдаған.
Айкөл Аликжанова – «Қырғызстан аруы – 2014» байқауының жеңімпазы. Ол 2016 жылы хиджаб киіп, кейін мұсылман әйелдеріне арналған киімдердің дизайнымен айналыса бастаған. Оның Арман Жұмагелдиевтің жұбайы екені 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде, Арман ұсталғаннан кейін ғана көпшілікке белгілі болған еді.
Еске салсақ, 2025 жылдың 27 қаңтарында сот үкімімен Арман Жұмагелдиев ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны, жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырғаны және адам ұрлағаны үшін кінәлі деп танылып, 20 жылға бас бостандығынан айырылған.