Әлеумет

Астана тұрғыны полиция қызметкерін қорлаған: 3 жылға жаза кесілді

Үкім заңды күшіне енді.

Астанадағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында алкогольдік масаң күйде болған ер адам полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, олардың атына балағат сөздер айтып, ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлаған, сондай-ақ қарсылық көрсетіп, оларға қатысты күш қолданған, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  сайтқа сілтеме жасап. 

Құқыққа қарсы әрекеттердің салдарынан полиция қызметкерлеріне денсаулыққа зиян келтірмейтін дене жарақаттары келтірілді.

Мемлекеттік айыптаушы сотта сотталушының кінәсін толық дәлелдейтін жеткілікті айғақтар ұсынды. Сот отырысында ол өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін білдірді.

Сот үкімімен азамат кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.

Қала прокуратурасы билік өкілдерін қорлау және құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қатысты күш қолдану қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын еске салып, азаматтарды заң талаптарын сақтауға шақырады.