Әлеумет

Ит те көмектесіп жатыр: әсерлі видео жарияланды

Ел аман, жұрт тыныш болсын!

Afishi_atyrau аккаунтында мынадай әсерлі видео жарияланды.

"Қасқыр да қас қылмайды жолдасына" дейтін бе еді? Атыраудағы мына видеоны көргенде, осы сөз есімізге түсті.

Видеода ит екеш ит те топырақ тасып, тасқынға қарсы күресіп жатыр.Су тасқынының зардаптарын жоюға және елді мекендерді судан қорғауда титімдей болса да, көмегін тигізуге асыққан жануардың қамқорлығын көріп, әлеумет разы болып жатыр.

"Ит – адамның досы" деген осындайдан шықса керек.

Ел аман, жұрт тыныш болсын!