Қоғам

Елімізде  алдағы күндері жауын-шашын тоқтап, күн ысиды

Республика бойынша жел күшейеді

Қазгидромет мамандарының мәліметінше, республика аумағының көп бөлігі кең антициклонның ықпалында болады және жауын-шашынның тоқтауы, күндізгі ауа температурасының жоғарылауы күтіледі.

Тек қиыр солтүстікте, шығыс аймақтарда және оңтүстік-шығыстың тауларында атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен ауа-райының тұрақсыз сипаты күтіледі, жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Қазақстан бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болжанады, күндізгі уақытта найзағай күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді.

Термометрлердің бағандары түнде температураның ауытқуын көрсетеді, ал күндіз батыста, оңтүстікте температура 25-30 градус жылыға дейін, еліміздің солтүстігінде 20-25 градус жылыға дейін, оңтүстік-шығыста 23-29 градусқа дейін айтарлықтай жоғарылауы күтіледі.