Көп балалы ана әкімнен көмек сұрады
Ол үй кезегіне тұрғанына 4 жылдан асқанын айтты.
Әлеуметтік желілерде семейлік жалғызбасты, көпбалалы ананың бейнежазбасы тарады. Альмира Жұмақан есімді көпбалалы ананың айтуынша, жұбайымен ажырасқанына 3 жыл болған. Көлігі, үй-жайы, кәсібі бар бұрынғы күйеуі олар тұратын үйді сатқалы жатыр. Енді балаларымен қайда барамыз деп уайымдаған ана әкімнен көмек сұрады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.
Альмира Жұмақан балаларының әкесі осыдан 2 жыл бұрын бір пәтер алып, сол жерде балаларымен тұруға рұқсат бергенін айтты. Қазір сотқа жүгініп, үйді сатқалы жатыр. Альмира Жұмақанның 4 баласы бар.
Сонымен қатар ол үй кезегіне тұрғанына 4 жылдан асқанын айтты. Алайда кезек сол күйі жылжымаған.