"Әке, Ханторыны құтқар!" деген балақайдың дауысы естеріңзіде шығар. Бұл видео әлеуметтік желі қолданушыларын бей-жай қалдырмады. Балақайдың жан дауысы әлеуметті де елең еткізген. Ханторының орнына белсенділер балақайға ат мінгізіпті. Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай facebook желіде жазды.
"Әлеуметтік желіде кең тараған мына видео естеріңізде ме? “Папа, Ханторыны құтқар!” деп жаны ашыған балақайдың дауысы бәрімізді бей-жай қалдырмады. Оқиға сәуір басында суға кеткен Ақтөбе облысының, Ойыл ауданы, Екпетал ауылында болған еді. Сөйтсек, малға жанашыр бөбек ұмыт қалмапты. Бүгін Мәжіліс депутаты Қазыбек Әлішев жылқы сүйер балаға суға кеткен Ханторының орнына ат мінгізді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.