сенбі, 4 сәуір, 2026 21:26

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Айбек Оралбай Азия чемпионатының жартылай финалына өтті

Айбек Оралбай Азия чемпионатының жартылай финалына өтті
ҰОК
Отандасымыз 90 келіден жоғары салмақтың ширек финалында өзбекстандық Арман Махановпен кездесті.

Бокстан Қазақстан құрамасының өкілі Айбек Оралбай Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.

Отандасымыз 90 келіден жоғары салмақтың ширек финалында өзбекстандық Арман Махановпен кездесті.

Үш раундтың қорытындысы бойынша Айбек Оралбай 4:1 есебімен басым түсті. Осылайша ол кем дегенде қола медальді өзіне қамтамасыз етті.

Айта кетейік, бұған дейін Ертуған Зейнуллинов (65 келіге дейін), Валентина Хальзова (75 келіге дейін) жартылай финалға өткен болатын. Сондай-ақ Оразбек Асылқұлов (60 келіге дейін) қарсыласы жарыстан бас тартқанына байланысты тікелей жартылай финалға шықты.

Ал Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін) және Лаура Есенкелді (65 келіге дейін) жарыс жолын аяқтады.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар