Бүгін алты боксшы шаршы алаңға шығады
Күндізгі сессия 09:00-де басталады.
Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан бокстан 2026 жылғы Азия чемпионатында 4-сәуір күні Қазақстан құрамасының алты өкілі шаршы алаңға шығады.
Күндізгі сессия 09:00-де басталады. 65 келі салмақ дәрежесінде Лаура Есенкелді үндістандық Анкушита Боромен жұдырықтасады. Қарсыласы 2022 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері. Сондай-ақ 50 келіде Санжар Тәшкенбай Үндістан өкілі Вишванаш Сурешке қарсы айқас өткізеді.
Бұл сессияда тағы бір жекпе-жек 65 келіде өтеді. Ертуған Зейнуллинов қырғызстандық Мирзохид Имамназаровпен кездеседі.
Кешкі сессия 14:00-де жалғасады. 75 келіде Валентина Хальзова Оңтүстік Корея спортшысы Суйеон Сонгпен қолғап түйістіреді. Ал 60 келіде Оразбек Асылқұлов жапониялық Шунсуке Китамотомен күш сынасады.
Жарыс күнінің соңғы жекпе-жектерінің бірі аса ауыр салмақта (+90 кг) өтеді. Айбек Оралбай өзбекстандық Арман Махановпен айқасады.
Естеріңізге сала кетейік, Азия чемпионатына Қазақстан атынан 20 боксшы аттанған болатын. Олардың үшеуі жарыс жолын аяқтаса, алтауы жартылай финалға жолдама алды. Ал, қалған 11 боксшымыз алдағы күндері ширек финалдық жекпе-жектерін өткізеді.