Әлеумет

Құрбысы Салтанатпен түнде жазысқан хатын оқыды: Бишімбаев соты жалғасуда

Мен оған көмектескім келген, бірақ мен өз-өзімді өлтіріп тынатын шығармын.

Бүгінгі сотта Салтанат Нүкенованың құрбысы Аида Ахмединадан тағы да жауап беріп жатыр. Ол Салтанатпен әлеуметтік желі арқылы жазысқан хатын оқыды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Ulysmedia.kz. сілтеме жасап. 

Құрбысы Салтанатпен түнде жазысқан хатын оқыды. Салтанат оған былай деген:

...Мен енді не істерімді білмей қалдым. Егер қазір кетіп қалсам, ол «айуан, мен ол үшін бәрін істедім, ал ол рахметсіз кетіп қалды, мені таптап кетті» дегендей әңгімелерді айтады. Ол кейде жақсы сияқты көрінгісі келеді.

...Басым ауырып кетті. Енді онымен тұра алмаймын. Мен жалғыз болғым келеді. Бұл адамдар ешқашан емделмейді. Олар психологтарға барып, «өздері керемет, қалғанының бәрі ақымақ» деу үшін барады. Назар мен кісінің мақұлдауын солай алады. Ал екінші рет кеткенім – бітті, соңы! Қайтуға болмайды. Ол мен кешіргенше бәрін жасайды. Кейін мазақ қылып, кек алады. 

...Бірақ ол психотерапиядан өтті. Біз Алматыға барып келдік. Екі айда өзінің психологына 10 мың доллар берді. Психолог Тайландтан ұшып келді. Мәскеуліктер. Бірақ түк пайда жоқ. Олар өзгермейді. Менің кеткім келген, бірақ ол қалуым үшін бәрін жасай бастады. Ол маған ұйқы бермейді, өзі де түнімен ұйықтамайды. Мен де түнімен ұйықтамаймын. 

...Оның ойы ылғи сандырақ. Менімен сөйлеседі, бірдеңе сұрайды. Тыңдамасам жынданып, айғайлайды. Мен екі тәулік бойы ұйықтамағанымды түсіндіргім келеді. Ол «демек, маған түкіріп қарайсың» дейді. Шынымды айтсам, мен оны аяймын. Ол жаралы адам, ауру. Мен оған көмектескім келген, бірақ мен өз-өзімді өлтіріп тынатын шығармын.