Бишімбаевтың інісіне түнде тергеу абақтысына келген кім – ІІМ министрлігі тексеріс жүргізбек
- авторОймақ
- 17 сәуір, 2024
- 524
Бишімбаевтың інісіне түнде тергеу абақтысына кім келді, деп жазады Orda.kz. Осыған орай, Ішкі істер министрлігі Байжанов отырған тергеу изоляторындағы бейнекамераларды тексермек. Бұл туралы Мәжілісте ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мәлімдеді.
«Бұл факті бойынша КУИС Ішкі қауіпсіздік басқармасы тексеру жүргізіп жатыр. Нәтижесі белгілі болған соң, жариялаймыз. Тексеріп, бейнекамераларды қараймыз. Егер факт расталса, қорытынды шығарамыз», - деді Лепеха.
Еске сала кетейік, Байжанов – Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша екінші айыпталушы. Сот отырысында ол Бауыржан Мусиннің тергеу изоляторына бірнеше рет келгенін айтқан еді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.