Қоғам

Жамбылдағы сарбаз өлімі: прокуратура рота командиріне айып тақты

Жамбыл облысында мерзімді әскери қызметтегі сарбаздың қазасына байланысты рота командирі сот алдында жауап береді.

Бас әскери прокуратура сарбаз Еркебұлан Рүстемұлының өліміне қатысты істі сотқа жолдады. Тергеу нұсқасы бойынша, офицерге «қызметке салғырт қарады» деген айып тағылды. Ол бөлімшедегі тәртіп пен қару-жарақты бақылаусыз қалдырған деп саналады.

Сонымен қатар, командир қаза тапқан сарбаздың басқа қызметтестеріне қатысты билігін асыра пайдаланған болуы мүмкін.

Қайғылы оқиға 27 қаңтарда Гвардия гарнизонында болған еді. Сарбаз кезекшілік кезінде оқ тиіп, мерт болды.

Прокурорлар офицердің кінәсіне сенімді болғанымен, оның туыстары бұл айыппен келіспейді.

«Командирдің әрекеті мен сарбаздың өліміне себеп болған оқ атудың арасында тікелей байланыс жоқ», – дейді олар.

Қазіргі уақытта сарбаз өлімінің басқа да мән-жайларын анықтау бойынша тергеу жалғасып жатыр.