Қоғам

Атырауда полиция қызметкерін ұрғандарға үкім шықты

Сот қылмыскерлерге бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындаған.

Атырау облысында бір топ азамат қоғамдық орында спирттік ішімдік ішіп, жанжал шығарған, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап. 

Оқиға орнына шақырту бойынша қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың жолын кесу үшін полиция қызметкері келген. Билік өкілінің заңды талаптарына бағынудың орнына, құқық бұзушылар оған күш қолданған. Ағаш зат пен тастарды пайдалана отырып, олар полиция қызметкеріне соққы беріп, ауыр жарақаттар — көз шарасы мен жағының сынуына әкеп соққан. 

Сот қылмыскерлерге бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындаған.

Бас прокуратура бұл жазаны жасалған қылмыстың ауырлығына сәйкес келмейді деп тауып, енгізілген кассациялық наразылық бойынша шешім қайта қаралып, сотталғандардың жазасы нақты бас бостандығынан айыруға өзгертілді.

Бұл прецедент қызметтік міндеттерін атқару кезіндегі қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қол сұққаны үшін жазаның бұлтартпастығы принципін растайды.