Қоғам

Бүгін – дүниежүзілік балалар әдебиеті күні

Бұл атаулы күн 1967 жылдан бастап әлемге әйгілі ертегіші Ганс Христиан Андерсеннің туған күніне орай аталған.

2 сәуір — Халықаралық балалар кітабы күні. Бұл атаулы күн 1967 жылдан бастап әлемге әйгілі ертегіші Ганс Христиан Андерсеннің туған күніне орай атап өтіледі, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Кітап — баланың қиялын ұштап, рухани дүниесін байытатын, тұлға болып қалыптасуына әсер ететін басты құрал. Сапалы әрі мазмұнды балалар әдебиеті — болашақ білімді ұрпақтың кепілі.