Шетелдегі қандастарымыз да Қазақстандағы су тасқынына алаңдаушылық білдіруде
Көмек жинау акциясы әлі де жалғасып жатыр.
Солардың бірі – Баян-Өлгий аймағы. Өлгий сұмынының жалпы білім беретін № 1 мектебінің Жанар Ясымханқызы жетекшілік ететін 6 Б сынып оқушылары су тасқынына ұшыраған аймақтардағы балаларға арнап 200 мың төгрөг ұсынды (1 төгрөг — 0,13 теңге).
Көмек жинау акциясы әлі де жалғасуда.
Сондай-ақ Ташкент қазақтары да қолдарынан келгенше, гуманитарлық көмек беруге тырысып жатыр..
«Қазақстандағы бауырларымызға жәрдемге қаражат жинай бастадық, қолдан келгенше өз көмектеріңізді беріңіздер» деп жазды Өзбекстан астанасында тұратын белсенді қандастарымыз.