"Мен оған көмектеспеймін және көмектесе де алмаймын": Мұрат Әбенов Молдахан ісіне қатысты пікір білдірді
Депутат Молдаханды қамауға алуға заңды әрі жеткілікті негіздер бар екенін атап өтті.
Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов қамауға алынған блогер әрі заңгер Әділетхан Молдаханға қатысты өз позициясын білдірді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz.сайтына сілтеме жасап.
Депутаттың айтуынша, ол ұсталған азаматқа қолдау көрсете алмайды. Бұған дейін бұл істі жеке бақылауына алғанын айтқан мәжілісмен, қазіргі таңда қоғамдағы пікірталасқа қарамастан, Молдаханды қамауға алуға заңды әрі жеткілікті негіздер бар екенін атап өтті.
Еске салайық, танымал заңгер әрі блогер Әділетхан Молдахан 30 наурыз күні Алматыда "көрінеу жалған ақпарат таратты" деген күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған еді. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.