"Бақ таяды дейді ғой, Құдай сақтасын": Жазира Байырбекованың келінінің орамалын аукционға шығарған
Оқиға той үстінде болған.
Желіде Жанболат пен Жазираның өткізген тойында болған оқиға қызу талқыға түсті, - деп хабарлайды Oimaqnews.kz Ozgeris.info сайтына сілтеме жасап.
Ұлының үйлену тойында асаба келіннің орамалын аукционға шығарған. Блогер Ырысбала Икрамбай орамал үшін 300 доллар беруге дайын екенін айтады. Осы тұста желі қолданушылары аталмыш әрекеттен шошынып, түрлі пікір жазды.
Айта кетейік, танымал әнші Жанболат пен Жазира жалғыз ұлы әрі тұңғышы Қазбекті үйлендіріп, Асылы есімді келін түсірген еді.