жұма, 3 сәуір, 2026 12:06

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Бақ таяды дейді ғой, Құдай сақтасын": Жазира Байырбекованың келінінің орамалын аукционға шығарған

"Бақ таяды дейді ғой, Құдай сақтасын": Жазира Байырбекованың келінінің орамалын аукционға шығарған
видео скрин
Оқиға той үстінде болған.

Желіде Жанболат пен Жазираның өткізген тойында болған оқиға қызу талқыға түсті, - деп хабарлайды Oimaqnews.kz Ozgeris.info сайтына сілтеме жасап. 

Ұлының үйлену тойында асаба келіннің орамалын аукционға шығарған. Блогер Ырысбала Икрамбай орамал үшін 300 доллар беруге дайын екенін айтады. Осы тұста желі қолданушылары аталмыш әрекеттен шошынып, түрлі пікір жазды. 

"Негізі болмайды. Бақ таяды дейді ғой, Құдай сақтасын", "Ойбай, орамалды ешкімге бермейді ғой", "Жақсы ырым емес...", "Бақ пен береке сол орамалда, ешкімге беруге болмайды", "Әдемі басталған тойды не істедіңдер", "Қатты кетіп қалған жоқсыңдар ма?", - деген сынды сыни пікірлердің легі көп. 

Айта кетейік, танымал әнші Жанболат пен Жазира жалғыз ұлы әрі тұңғышы Қазбекті үйлендіріп, Асылы есімді келін түсірген еді. 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар