сейсенбі, 31 наурыз, 2026 19:14

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Студенттер енді ЖИ-мен диплом жаза алмайды

Студенттер енді ЖИ-мен диплом жаза алмайды
фото: sboard.online
Бұл туралы министр Үкімет отырысында айтты.

Қазақстандық студенттер бұдан былай курстық, диссертациялық жұмыстарын ЖИ көмегімен жаза алмайды. Олардың жазған жұмысын тексеретін жаңа антиплагиат жүйесі енгізілмек, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Ulysmedia.kz.сайтына сілтеме жасап.

МИНИСТРДІҢ МӘЛІМДЕМЕ ЖАСАДЫ

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткізілген баспасөз конференциясында студенттердің ғылыми жұмыстарына қатысты маңызды жаңалықты жария етті.

Оның айтуынша, курстық, диссертациялық жұмыстарды жазу кезінде технологияларды қолдануға қатысты нақты ережелер енгізіледі.

«Біз алгоритмдер арқылы жасалған мәтіндерді анықтай алатын жаңа антиплагиат жүйелерін жасап жатырмыз. Университеттер жұмыстардың сапасын бақылауды күшейтіп, осындай материалдарды қабылдамауға немесе диссертацияның күшін жоюға құқық алады», – деді министр.

ЖИ қолданудың тәсілі

Ведомство басшысы ЖИ-ді үлкен деректер жиынтығын өңдеу үшін қолдануға болатынын, бірақ қорытындыларды жазу үшін пайдалануға тыйым салынатынын ескертті. Оның сөзінше, қорытындыны студент өзі жасауы тиіс.

Сондай-ақ, министрлік оқытушыларға талапты күшейтпекші. Өйткені студенттер мен ұстаздар арасында цифрлық айырмашылық ұлғайған.

«Жақын арада шамамен 40 мың педагог, 20 мың ғылыми қызметкер және 2 мың жетекші ChatGPT-тің білім беру нұсқасын үш жыл бойы пайдалану үшін арнайы оқудан өтеді», – деді Саясат Нұрбек.

 

 

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар